Гватемала билігі ел аумағына кірген 3 жарым мыңнан астам гондурастық мигрантты кері қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті билік АҚШ-қа қарай бет алған босқындар керуенінің жолын кесті. Гватемала Гондурас билігін өз азаматтарын шекарада тоқтатып кері қайтаруға еш әрекет етпей отыр деп айыптады. Ал Гондурас тұрғындарының жаппай шекара асуына елдегі кедейлік пен зорлық-зомбылық себеп. Коронавирус пандемиясынан халықтың жағдайы тіпті ауырлай түскен.