Соңғы аптада елде індеттің таралуы күшейіп, дертке шалдыққандар қарасы күрт өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Вирус күн сайын 1 мыңнан аса адамнан анықталған. Ал қазанның 3-і күні бұл көрсеткіш екі мыңға жеткен. Салдарынан ауруханаларда науқастар қайта көбейген. Польшада індетке байланысты наурыз айында енгізілген көп шектеулер қазірге дейін сақталған. Ең басты тәртіп – әлеуметтік арақашықтық пен бетперде тағып жүру. Жаз айының соңында аймақтарда шектеулер қатаңдатылды.