430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың COVID-19-дан емделуіне қанша қаражат кеткен – БАҚ

  • 111
  • UPD: 10:53, 08.10.2020
Трамптың COVID-19-дан емделуіне қанша қаражат кеткен – БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирустан емделуіне 100 мың доллардан аса қаражат кетті, деп хабарлады New York Times.

Үш күн ем алған Ақ үй басшысы ауруханаға тікұшақпен барып, тікұшақпен қайтқан.

«Ол көптеген коронавирус тестінен өтті, оттегі, стероидтер мен антиденелерге қатысты эксперименттік ем алды. Америкалық денсаулық сақтау жүйесінде президент емес адам үшін бұл емдеу шараларына 100 мың доллардан аса қаражат кетеді», - деп хабарлады NYT.

Басылым ауруханаға тікұшақпен барып қайту 40 мың долларды құрауы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетсек, коронавирус жұқтырған Трамп үш күн ауруханада емделіп, дүйсенбіде ауруханадан шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы