428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда құрылыс алаңында металл құрылымдары құлады

  • 66
  • UPD: 16:12, 08.10.2020
Қытайда құрылыс алаңында металл құрылымдары құлады

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы құрылыс алаңында апат болып, жеті адам қаза тапты.

Оқиға Лухэ уезіндегі құрылыс алаңында бетон құю кезінде металл құрылымдардың бір бөлігі опырылып түскен. Жарақат алған екі адам ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Жергілікті билік оқиғаның себептері бойынша тергеу бастады.

Хабар 24 телеарнасы