432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентиналықтар COVID-19 құрбандарын еске алды

  • 75
  • UPD: 18:03, 09.10.2020
Аргентиналықтар COVID-19 құрбандарын еске алды

Аргентинаның Мар-дель-Плата қаласында 500-ден аса ту тігілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік тулар қаладағы шипажайлардың бірінде COVID-19 дертінен қайтыс болғандардың құрметіне орнатылған. Жергілікті тұрғындар осылайша, індеттің өршіп бара жатқанына қоғам назарын аудармақ. Ел астанасы Буэнос-Айрес пен оған іргелес аудандарда вирустың таралуы бәсеңдегенмен, елдің өзге өңірлерінде эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Мамандар «бұл жергілікті жағажайларда шомылу маусымының басталуымен байланысты», дейді. Індет басталғалы Аргентинада 840 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 20 мыңнан астамы көз жұмды.

Сесилия, жергілікті тұрғын:

- Отбасымыз коронавирустан аман. Дегенмен, қайтыс болған таныстарым бар, соған қайғырамын. Мар-дель-Платада ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан осы қасіретке қабырғамыз қайысып отыр.

Хабар 24 телеарнасы