Вьетнамның орталық бөлігіне «Линфа» дауылы соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи апаттың салдарынан 17 адам қаза тауып, 13 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қауіпті өңірлерде тұратын 30 мыңнан аса адам көшіртілді. Жойқын дауыл 33 мыңдай үйді қиратқан. Соңы су тасқынына ұласып, бірнеше провинциядағы 88 елді мекенді су алып кетті. Күшті соққан жел үй шатырлары мен ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен. Қазір бұл дауыл Лаос еліне бағыт алды.