425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия халқы шектеу шараларына наразылық білдірді

  • 115
  • UPD: 20:28, 26.10.2020
Италия халқы шектеу шараларына наразылық білдірді

Испания халқы шектеу шараларына түсіністікпен қарап жатса, итальяндар қарсы шығып, ереуіл ұйымдастырды.

Апеннин түбегінде соңғы тәулікте 21 мыңнан астам жаңа оқиға тіркелді. Бұл эпидемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Италияда бүгіннен бастап кинотеатрлар, спорт залдары мен бассейндер жабылады. Барлар мен мейрамханалар кешкі алтыда жұмысын тоқтатады. Алайда бұған Неаполь мен Рим тұрғындары қарсы шықты. Олар наразылық акциясын ұйымдастырып, оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. 

БЛИЦ:

  1. Біз халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейміз. Алайда жаңа шектеу шаралары жайлы кеш естідік. Сондықтан қалай әрекет ететінімізді білмей, жоспар құруға уақыт та жетпей қалды. Біз наразылық акциясымен шектелмейміз. 2 қарашада ұлттық ереуіл өткіземіз. 
  1. 8 ай бойы шектеу шараларынан көз ашпай келеміз. Алайда қазіргі жағдай бұрынғыдан да нашарлап кетті. Сонда карантин еш нәтижесін бермегені ме? Саясаткерлер 8 ай ішінде не А жоспарын, не Б жоспарын әзірлемегені қалай?
Хабар 24 телеарнасы