424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

  • 112
  • UPD: 13:53, 06.11.2020
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елдің 17 штатында тәуліктік антирекорд орнаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе індет Американың батысқа жақын орталық штаттарында күшейді. Иллинойс пен Техаста вирус 10 мыңнан астам адамнан анықталып отыр. Айова, Индиана, Мичиган, Миннесотада дертке шалдыққандар өсіп, ауруханаға жеткізілген науқастар саны артқан. Кей штаттар індеттің өршуіне байланысты қайта шектеу шараларын енгізе бастады.

Еске сала кетейік, АҚШ әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша алда келеді. Құрама Штаттарда науқастардың қарасы 9 миллион 600 мыңнан асқан. Дерттен 234 мыңнан аса науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы