424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған Владимир Зеленский ауруханаға түсті

  • 81
  • UPD: 15:22, 12.11.2020
Коронавирус жұқтырған Владимир Зеленский ауруханаға түсті

Украина президенті Владимир Зеленский мен оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермак ауруханаға түсті, олар COVID-19-дан емделуде.

Бұл туралы interfax.ru жазды.

Зеленский мен Ермак 9 қарашада коронавирусты жұқтырғандарын хабарлаған еді.

Мәліметтер бойынша президент аурухана жағдайында жұмысын жалғастыруда және оның палатасына арнайы байланыс орнатылған.

Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленская маусым айында коронавируспен ауырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы