423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирек гауһартас $26,6 миллионға сатылды

  • 77
Сирек гауһартас $26,6 миллионға сатылды

Швейцариядағы аукционда салмағы 15 караттай болатын өте сирек кездесетін қызылкүрең гауһартас сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Раушан рухы» деп аталған тас 26 млн 600 мың долларға өтті. Жеңімпаз бәссауданы телефон арқылы жүргізіп, атын жарияламауды сұраған. Зергерлердің айтуынша, бұл гауһартас өте таза әрі аса мөлдірлігімен ерекшеленеді. «Раушан рухы» 2017 жылы Ресейдің Батыс Якутия аймағындағы кен орындарының бірінде өндірілген. Ол осы ел тарихындағы ең ірі қызылкүрең гауһартас саналады.

Хабар 24 телеарнасы