423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда шектеулер тағы екі апта сақталады

  • 78
  • UPD: 15:39, 14.11.2020
Бельгияда шектеулер тағы екі апта сақталады

Бельгияда коронавирустың таралуы бәсеңдегеніне қарамастан, төтенше жағдайдың төртінші деңгейі сақталады.

Корольдік билігі кеңестік комитеттің кезекті отырысында осындай шешім қабылдады. Премьер-министр Александр де Крооның мәлімдеуінше, қазір ел ауруханаларындағы жағдай әртүрлі. Індет жұқтырғандар саны төмендеп келе жатыр. Бірақ өткен аптадан бері жансақтау бөліміндегі науқастар саны азаймаған. Ресми дерекке қарағанда Бельгияда соңғы екі аптада күн сайын вирусты мыңнан аса адам жұқтырып, 200-дей науқас қайтыс болған.

Ив Ван Лаэтхем, Бельгияның коронавируспен күрес жөніндегі штабының ресми өкілі:

– Елде індеттің таралуы бәсеңдеп, коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Ауруханаға түскендер қарасы да төмендеген. Бірақ жансақтау бөлімде жағдай жақсармай тұр. Егер қатаң шектеулер енгізілмегенде өлім-жітім көп болар еді. Сондықтан қазір барлық сақтық  шараларын сақтап, вирусқа қарсы вакцинаның дайын болғанын күтуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы