423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда медициналық құралдарды жедел жеткізуге Lamborghini қолданылады

  • 54
  • UPD: 15:33, 19.11.2020
Италияда медициналық құралдарды жедел жеткізуге Lamborghini қолданылады

Италия полициясы өмірлік маңызды донорлық органды тасымалдау үшін Lamborghini Huracan V10 көлігін пайдаланды.

Ол екі сағатта шамамен 480 км жол жүріп өтеді, деп жазды Car Advise.

Көлік Италия полициясына 2017 жылы жалға берілген. Ол тікұшақ болмаған кезде жедел медициналық құралдарды жеткізуге қолданылады.

Полиция Lamborghini Huracan арқасында донорлық бүйрек трансплантациялау үшін науқасқа уақтылы жеткізілгенін айтып өтті.

«Өмірді құтқару үшін алпауыт күш қажет емес. Ынтымақ, технология және тиімділік көмектеседі», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы