422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына рұқсат берілді

  • 44
  • UPD: 18:44, 19.11.2020
Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына рұқсат берілді

АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы Boeing 737 MAX ұшақтарын қайтадан қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Boeing компаниясы алдымен лайнерлердің бағдарламалық жабдықтауын жаңартуы тиіс. Сонымен қатар тексеріс кезінде анықталған бірқатар ақауды да жоюы керек. Бұдан бөлек, аталған басқарма ұшқыштардың қосымша даярлықтан өтуін талап етіп отыр.

Айта кетейік, 737 Max ұшақтарын пайдалану 2018-2019 жылдары Индонезия мен Эфиопияда болған әуе апаттарынан кейін тоқтатылған еді. 300-ден астам адамның өмірін қиған апатқа лайнердің басқару жүйесіндегі ақаулар себеп болған. Ұшқыштар дайындығының жеткіліксіз болуы да оған түрткі болған көрінеді. Сөйтіп, үлкен дауға қалған Boeing бес жарым миллиард доллар шығынға батқан.

Хабар 24 телеарнасы