423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та мейрамханалар мен фитнес орталықтары жабылады

  • 63
АҚШ-та мейрамханалар мен фитнес орталықтары жабылады

Бүгін Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио алдағы аптадан бастап қаладағы мейрамханалар мен фитнес орталықтарының қайта жабылатынын мәлімдеді.

Мұндай шектеулер коронавирус індетін жұқтыру көрсеткішінің көбеюіне байланысты енгізіліп отыр. Әкімнің айтуынша, Нью-Йорк қаласы вирусты жұқтыру бойынша қауіпті аймаққа айналып барады. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ дейді. Кеше ғана Нью-Йорктегі мектептерді жабу туралы шешім қабылданған еді. Жалпы қала бойынша індет жұқтырғандардың саны 290 мыңнан асып, қайтыс болғандардың саны 24 мыңды құрап отыр. Ал қала бойынша COVID-19 індетіне тестілеудің көрсеткіші үш пайызға жеткен еді.

Билл де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Мейрамханалар мен фитнес орталықтар келесі аптадан бастап өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Әрі кетсе екі апта, бірақ бәрібір жабылады. Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін осындай шешім қабылдадық. Естеріңізде болса, пандемияның басында Нью-Йорк індет ошағына айналып, кейін ең қауіпсіз қалалрдың бірі болып еді. Бізге тура сол тәртіпті қайта орнату тиімді болып отыр. Тағы да бәріміз атсалысып, қаланы қауіпсіз мекенге айналдыруымыз керек. Тұрғандардың басын қатерге тігіп отыра алмаймыз. Нью-Йорк қауіпті аймаққа айналып барады. Демек мейрамханалар, мектеп мен фитнес орталықтарын жабу керек.

 

Хабар 24 телеарнасы