423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Британияда арнайы төлқұжат енгізілуі мүмкін

  • 59
  • UPD: 21:31, 22.11.2020
COVID-19: Британияда арнайы төлқұжат енгізілуі мүмкін

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцинаны қабылдаған адамдар үшін ковид-төлқұжаттар енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Sunday Times хабарлады. Басылымның мәліметінше, бұл құжатты алған азаматтар ел ішінде емін-еркін қатынай алады. Сонымен қатар жұмыс бабымен іс-сапарларға мүмкіндік береді екен. Тиісті шешімді дүйсенбі күні ел премьер-министрі Борис Джонсон жария етеді деп күтіліп отыр. Бүгінде Ұлыбританияда коронавирус жұқтырудың бір миллион төрт жүз мыңнан астам дерегі тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы