Ресейдің Краснодар аймағында «Газель» шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды.
Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС деп хабарлады.
Мәліметтер бойынша адамдар оқиға орнында жан тапсырған. Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты Выселки – Кирпильская жолының 5-ші шақырымында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша «Газель» жүргізушісі бұрылыс кезінде КамАЗ-ға жол бермеген.