420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда COVID-19 жұқтырғандар саны бір миллионнан асты

  • 87
  • UPD: 18:25, 27.11.2020
Германияда COVID-19 жұқтырғандар саны бір миллионнан асты

Германияда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллионнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде бұл межеден асқан 12 мемлекет бар. Көбі Еуропа және Латын Америкасының елдері. Осыған дейін Германияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қарашаның басында жарияланған локдаун ұзартылатыны белгілі болды. Осылайша, билік Рождество мен Жаңа жылда вирустың одан әрі өршіп кетуіне жол бермеуді көздеп отыр.

Блиц 1:

- Бізге деректер санының азайғаны керек. Оған қалай қол жеткізе аламыз? Бір-ақ жолы бар. Барлық орындарды жауып тастап, тек азық-түлік сататын дүкендерді ғана қалдыру керек.

Блиц 2:

- Билік локдаунды ұзартып жатыр. Бірақ өкінішке қарай, халыққа қолдау білдіріп, көңілін түсірмеу жағына қатысты ақпарат беріліп жатқан жоқ.

Ресейде де эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Мұнда тәуліктік өсім бойынша кезекті артирекорд тіркелді. Бір күнде 27543 адамнан вирус анықталған. Бұл – эпидемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Ең көп жұқтыру деректері бұрынғысынша ел астанасында, Санкт-Петербург пен Мәскеу облысында. Осы ретте Мәскеу басшылығы қаладағы шектеу шаралары 15 қаңтарға дейін ұзартылатынын жеткізген. Айта кетерлігі, соңғы тәулікте көрші елде тек жұқтырғандар бойынша ғана емес, індеттен айығып шыққандар саны бойынша да рекорд тіркеліп отыр. Бір күнде мұнда 26682 адам жазылған екен.

Хабар 24 телеарнасы