419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шри-Ланкада түрмедегі қақтығыстан сегіз адам көз жұмды

  • 87
  • UPD: 23:42, 30.11.2020
Шри-Ланкада түрмедегі қақтығыстан сегіз адам көз жұмды

Шри-Ланкадағы түрмелердің бірінде қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 8 адам көз жұмып, 50-ден астамы жарақат алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тұтқынға лық толған түзету мекемесіндегі бүлікке коронавирус түрткі болған. Қамаудағылар өзге түрмеден қауіпті инфекцияны жұқтырып келген тұтқындардың осы мекемеге ауысуына қарсылық танытыпты. Жалпы Шри-Ланканың кей абақтыларында тәртіпсіздіктер бірнеше апта бойы жалғасып келеді. Жазасын өтеп жатқан азаматтар коронавирус тестілерін көбейтуді айтып, вирус жұқтырған тұтқындарға жаңа изолятор бөлуді талап етіп жатыр. Өйткені соңғы уақытта түзету мекемелерінде мыңдаған адамнан коронавирус табылған.

Хабар 24 телеарнасы