421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда жеңіл көлік бір топ жаяу жүргіншіні қағып өтті

  • 112
  • UPD: 21:58, 01.12.2020
Германияда жеңіл көлік бір топ жаяу жүргіншіні қағып өтті

Германияның Трир қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілерді басып кетті.

Салдарынан екі азамат көз жұмып, оннан астам кісі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті тәртіп сақшылары хабарлады. Алдын ала ақпар бойынша рөл тізгінінде 51 жастағы Германия азаматы болған. Джип көлігін мінген ол жоғары жылдамдықпен бірнеше адам қағып өтіпті. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге беймәлім. Белгілісі, ол кісі қазір қамауда. Ал қала орталығы қоршауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы