419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та өртке байланысты 25 мың тұрғын эвакуацияланды

  • 183
  • UPD: 09:17, 06.12.2020
АҚШ-та өртке байланысты 25 мың тұрғын эвакуацияланды

АҚШ-та орман өртінің өршуіне байланысты 25 мың тұрғын эвакуацияланды.

Қызыл жалын сәрсенбі күні Лос-Анжелес маңындағы тұрғын үйлердің бірінен шыққан еді. Өрт тез арада жүздеген гектар жерге тарап кеткен. Қазір тілсіз жаумен 500-ден астам өрт сөндіруші күресіп жатыр. Құтқару қызметінің мәліметінше, әзірге өрттің аз ғана бөлігі ауыздықталған. Соңғы жылы Калифорнияда өрттен бір жарым миллион гектардан астам орманды алқап жарамсыз күйге түсіпті.  

Хабар 24 телеарнасы