427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венецияны су басты

  • 149
  • UPD: 15:14, 09.12.2020
Венецияны су басты

Венеция тағы да су астында қалды.

Бәрі синоптиктердің қателігінен. Мамандар аймақтағы су деңгейі әрі кетсе 120 сантиметрге көтеріледі деп болжам жасаған. Алайда су мөлшері одан асып түскен. Салдарынан шлюздердің қорғаныс жүйесі дер кезінде қосылмай қалған. Дегенмен, су тасқынының ауқымы былтырғыдай емес. Өткен жылдың қарашасында су деңгейі 187 сантиметрге көтерілген еді. Жалпы қазіргі уақытта күн райының қолайсыздығы тек Венеция тұрғындарын ғана емес, Италияның өзге өңірлеріндегі халықты да әуре-сарсаңға салып жатыр. Мәселен, қалың қардан Фопполо тау-шаңғы шипажайы түгел жарықсыз қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы