419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ Түркияға жаңа санкция салады

  • 181
  • UPD: 12:25, 11.12.2020
Еуроодақ Түркияға жаңа санкция салады

Түркияның Жерорта теңізінде жүргізген бұрғылау-барлау жұмыстарына байланысты Еуропалық одақ елдерінің басшылары оған қарсы санкциялар ауқымын кеңейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім Еуроодақ саммитінде қабылданды. Енді аталған одақтың дипломатия басшысы Жозеп Боррель алдағы жылдың наурыз айында Анкараға қандай шектеу шараларын қолдануға болатыны туралы нақты ұсыныс жасауы тиіс.

Айта кетейік, Түркия Жерорта теңізіндегі екі грек аралы маңында бұрғылау жұмыстарын бастап, табиғи газдың қорын тапқан еді. Алайда Грекия түрік елінің бұл әрекетіне бірден қарсылық танытты. Айтуынша, түрік кемесі Грекия аумағына кіріп кеткен. Өз кезегінде түрік тарапы аралдардың шағын екенін айтып, олар құрлықтық Грекиядан тым қашық орналасқанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы