420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинде індет кезінде кино көрудің жаңа тәсілі пайда болды

  • 94
  • UPD: 10:07, 20.12.2020
Филиппинде індет кезінде кино көрудің жаңа тәсілі пайда болды

Кинотеатрды сағынған халыққа фильмдерді Үлкен Венеция арнасында ашық аспан астында көрсету қолға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алып экран су үстіне орнатылған. Ал киносүйер қауым фильмді қайыққа отырып тамашалай алады. Қауіпсіздік шаралары да сақталған. Бір қайықта ескекшіден бөлек 2 адамнан артық кісінің отыруына болмайды. Күніне 2 фильм көрсетіледі. Билет құны 10 доллар. Ұйымдастырушылар қайықта кино көрушілер қарасы көп екенін айтады.

Джозеф Потиан, шараны ұйымдастырушы:

- Бұл бірегей тәжірибе. Тіпті карантинге дейін арнада қазіргідей үлкен экран қойып, кино көрсетілген емес. Індет басталғалы шектеулер енгізіліп кинотеатрда фильм көруді сағынған едік.

Хабар 24 телеарнасы