423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Alibaba басшысы бір күнде 3,5 млрд долларын жоғалтты

  • 254
  • UPD: 12:38, 25.12.2020
Alibaba басшысы бір күнде 3,5 млрд долларын жоғалтты

Қытайдың ең бай миллиардерлерінің бірі, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Маның дәулеті бір күнде 3,5 млрд доллардан астамға азайды.

Ол монополияға қарсы тергеу салдарынан Alibaba акцияларының құлауына байланысты болған, деп мәлімдеді Forbes Real-Time рейтингі.

Джек Маның дәулеті бейсенбіде 57,3 млрд долларға бағаланды. Кәсіпкер рейтингте 19-орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы