Бірінші болып «Пфайзер» компаниясының вакцинасы денсаулық сақтау саласының мамандарына егілетін болды.
Айта кету керек, медициналық мекемелерге бұл вакцинаны полиция күзетіп жеткізген. Оның мөлшері 5 мың адамға жетеді. Пандемия басталғалы, Венгрияда коронавирусты 300 мыңнан аса адам жұқтырып, 9 мыңы қайтыс болды. Қазір ауруханаларда 6 мыңнан аса науқас емделіп жатыр.