424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Триполиде босқындар лагері өртеніп кетті

  • 199
  • UPD: 13:57, 28.12.2020
Триполиде босқындар лагері өртеніп кетті

Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында босқындар лагері өртенді. Тұтанған от 4 сағаттың ішінде уақытша баспаналарды күлге айналдырған.

Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Өрт сириялық мигранттардың жергілікті тұрғындармен төбелесінен кейін болған. Мұнда бас-аяғы 375 босқын тұрған. Ливанға бас сауғалап келген босқындар саны бүгінде 1 миллионнан асады. Бұл жергілікті халықтың 30 проценті.

Хабар 24 телеарнасы