419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: АҚШ-та вакцинациялауда шикіліктер шықты

  • 77
  • UPD: 13:23, 30.12.2020
COVID-19: АҚШ-та вакцинациялауда шикіліктер шықты

АҚШ-тың федералды үкіметі 2020 жылдың соңына дейін коронавирус вакцинасының мөлшерін 20 млн-ға дейін жеткізетіндігін мәлімдеген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтылған мөлшердің 11 миллионы ғана өндіріліп, оның 2,1 миллион мөлшері ғана науқастарға берілген. Мұндай шикілікке инфақұрылымның нашарлығы мен екпені жеткізудегі кемшіліктер себеп. Елдің келесі президенті Джо Байден болса, вакцинаның мөлшерін едәуір көбейтетінін мәлімдеді. Айтуынша, президент ретіндегі алғашқы 100 күнде 100 млн вакцинаның халыққа жететіндігін қолға алатынын жеткізді.

Джо Байден, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті:

– Трамп әкімшілігі вакцинаны халыққа жеткізуде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр деп айта алмаймын. Жылдың соңына дейін 20 млн дозаны жеткіземіз дегені қайда. Мұндай түрімізбен вакцинаны жеткізу бірнеше айға емес, бірнеше жылға созылуы мүмкін. Мен қазірден бастап өзімнің қарамағымдағы әкімшілікке бұл шалалықты жөндеп, қазіргі жағдайды өзгерту үшін бірнеше тапсырмалар бердім. Дегенмен бұл процесс белгілі бір уақытқа созылары сөзсіз. Аладғы уақыт бізідң еліміз үшін ең күрделі кезеңдердің бірі болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы