420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда халыққа вакцина салу қарқыны баяу

  • 123
  • UPD: 08:00, 31.12.2020
Францияда халыққа вакцина салу қарқыны баяу

Францияда коронавирус дертіне қарсы вакциналау шарасы көрші елдермен салыстырғанда баяу өтіп жатыр. Бірнеше күнде небәрі 100 адамға екпе жасалды.

Алдымен вакцинаны қарттар үйлерінің тұрғындары қабылдай бастады. Францияға препараттың 500 мың данасы жеткізілді. Алайда жаңа вакцинаға сенімі аз болғандықтан халық оны ектіруге асықпай отыр. Сондай-ақ Франция екпе жасау алдында міндетті түрде дәрігерлік кеңес өткізетін жалғыз ел. Бұл елдің билігі вакцина егілген адамдар туралы дерекқор құратынын жариялады. Оған екпе жасау мерзімі мен нақты орыны, вакцинаны шығарушы кәсіпорын мен партия номері тіркеледі.

Хабар 24 телеарнасы