387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында «Үлкенге құрмет – ортақ міндет» акциясы өтіп жатыр

  • 757
  • UPD: 14:23, 01.10.2017

Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері қарияларға тұрақты түрде қамқорлық танытып, қолдау көрсетіп келеді. Халықаралық қарттар күніне орай аймақта «Үлкенге құрмет – ортақ міндет» акциясы өтіп жатыр.

Тәрбиелік мәні зор шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Мемлекеттік органдардың басшылары Ақтаудағы қарттар үйіне келіп, тағдырдың жазуымен жалғыз қалған ата-әжелерге қуаныш сыйлады. Арнайы сыйлықтарын табыстап, мерекелік дастарханға шақырды. Қариялар мемлекеттік қызметкерлермен бірге ән шырқап, би билеп, көкейдегі шерін тарқатты. Бұл шара енді игі дәстүрге айналмақ. Бастаманы аймақтағы мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер де қолдап отыр. 

Нұргүл Жанназарова, ҚР МҚІСЖҚА облыстық департаментінің басшысы: 

- Бұл шара бір жолғы ғана емес, яғни әрі қарай біздің мемлекеттік органдар бірнеше адамнан бөліп алып, осы тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарттар үйінде тұрып жатқан ақсақалдарымыз бен аналарымызға қамқорлық жасауды тұрақты түрде ұйымдастырғымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы