Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғалымдар тілдік қордың ғылыми лексикамен байытылғанын қолдайды

  • 1319
  • UPD: 20:08, 20.10.2017

Білімді шыңдап, ұғымды нықтау үшін оңды оқулық керек.

Ал терминдерді бір ізге түсіріп, ортақ шешім табу үшін тіл табысып, бірлесе ізденген жөн. «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған сарапшылар талқысы сериясы аясындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы ортақ тұжырым осыған саяды. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасына қатысты пікір айтушылар да осы мазмұнда ой қорытты.

Рас, 100 оқулықты аудару нәтижесінде ғылыми контент қоры көбейіп, қазақ тілінің қоры ғылыми лексикамен байытылады. Студенттер мен оқытушылар мемлекеттік тілдегі оқулықтар тапшылығын жиі алға тартып жүр. 100 оқулықты аудару осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған алғашқы қадам болмақ. Алайда аударманың сапасы сын көтере ме? Бұл тұрғыда мамандар қиындықтың шаш етектен екенін айтады.

Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:

- Әрине, мәселелер туындайды. Бір жағынан, ғалымдардың айтатыны ғылыми дәлдік. Ғылыми аударма да болуы тиіс. Екінші жағынан, көркемдік сапасы. Ағаларымыз айтып жатыр, аударма ісі түрлі мәселелермен қатар жүреді. Соның ішінде ғылыми лексиканы қалай алып кіреміз, терминдерді қайтеміз? Содан кейін стиль мәселесі қалай болады? Осының барлығында әртүрлі ұстаным мен көзқарастар бар.

Хабар 24 телеарнасы