419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен тәжірибесі басты назарда

  • 1802
  • UPD: 16:31, 06.01.2016

Қазақстанда мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.

Бұл туралы Елбасы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында жан-жақты баяндады. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мақсатында қолға алынған шаралар жүйені жандандырады. Бұл орайда мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен тәжірибесі басты назарда болады. Маман өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға міндеттеледі. Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіре отырып, жемқорлықты азайтуға қол жеткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет мүддесі үшін қызмет ететін мамандарға талап күшейеді. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің профессоры Бауыржан Жүнісов мемлекеттік қызметке жастарды баулу мәселесін қолдап отыр.

Бауыржан Жүнісов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:

- Елбасының бұған дейінгі 100 нақты қадамы және 5 реформасын іске асыру үшін мемлекеттік қызметкерлерді жас кадрлардан жасақтау керек. Себебі, қазір жастардың ойы ұшқыр. 2004 жылдан бастап мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша кадрлар дайындалады, бұл кадрлар қазір көптеген салада жұмыс істеп жатыр. Сондықтан жас кадрлардан қалыптастырса, Үкімет ұтар еді.

Хабар 24 телеарнасы