366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абай атындағы опера және балет театрында «Күлбике» операсының премьерасы өтеді

  • 343
  • UPD: 10:40, 06.12.2017

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 8-9 желтоқсанында көрермендер назарына  Джоаккино Россинидің «Күлбике» операсының премьерасын ұсынбақ.

Шарль Перроның ханзаданы кезіктіретін  кір қожалақ қыз туралы дәстүрлі ертегісінің желісін  Россини жаңа детальдармен толықтырып, комедияға айналдырған. Операда Күлбикенің өгей шешесінің орнына өгей әкесі болады. Би кешінде Күлбике аяқ киімін жоғалтпайды, ханзадаға білезігін береді. Сол білезік арқылы  қызды табуы керек.  Айта кетейік  операның премьерасы алғаш рет 1817 жылы Римде қойылған. Енді міне 200 жыл өткен соң  Алматыда алғаш рет сахналанбақ. Премьерадан соң театр ұжымы Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  Италияға гострольдік сапармен барады.  

Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер:

- «Күлбике» операсы әлем  сахналарында өте сирек қойылады. Себебі оны орындау  техникасы өте қиын. Күлбикенің партиясын орындайтын әншілер кездесе бермейді. Ал біздің сахнада өсіп келе жатқан жастардың жаңа толқыны бұл  қойылымды оңай еңсерді.  Россини  операсының ерекшелігі қойылым ойнақы, жылдам қарқында жүреді.

Хабар 24 телеарнасы