385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Eртіс Star жобасында үздік шыққандар жартылай финалға жолдама алды

  • 712
  • UPD: 15:09, 03.02.2018

Павлодарда Eртіс Star жобасы жүріп жатыр.

Аймақта алғаш рет қолға алынған өнер бәсекесіне мыңға жуық адам қатысқан. Олар ұлттық өнер, классикалық музыка, вокал, актерлік шеберлік, би және көркемсурет жанры бойынша сынға түсуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаға 5-тен 29 жасқа дейінгі кәсіби білімі жоқ, тума таланттар қатыса алады. Жуырда облыс орталығында байқаудың іріктеу кезеңі өтті. Үздік шыққандар жартылай финалға жолдама алды. Байқау қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер аймақтық гала-концертте өнер көрсетеді. Сондай-ақ сәуір айында Астана қаласында болатын «Тәуелсіздік қарлығаштары» жас таланттар конкурсына қатысады.

Сұлтан Мамынжанов, қатысушы:

– Осы конкурсқа жақсы көңіл күймен келдім, көтеріңкі көңіл күймен келдім. Мен үлкен әртіс болып, бүкіл әлемге танылғым келеді.

Амангелді Әбдіқадырұлы, Ertis Star байқауының ұйымдастырушысы: 

– Бұл жобаға әр ауданда, әр ауылдық аймақ, қалаларда қызығушылық деген өте жоғары. Еліміз қалай дегенмен құтты, қасиетті мекен болғаннан кейін талантты, өнерлі жастар өте көп. Сол себепті кейбір аудандардан 140-қа дейін қатысушы, үміткерлер қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы