378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде алғаш рет «Балауса» фестивалі халықаралық деңгейде ұйымдастырылды

  • 478
  • UPD: 07:43, 23.04.2018
Ақтөбеде алғаш рет «Балауса» фестивалі халықаралық деңгейде ұйымдастырылды

Ақтөбеде халықаралық «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестивалі басталды.

Игі шара Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына арналған. Байқауға елімізден және Қырғызстан мен Ресейден барлығы 7 театр қатысып түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналайды. Бұл мәдени шара бұрын республика көлемінде өтетін болса, биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Оның ерекшелігі – труппалар қазақстандық және шетелдік авторлардың эксперименталды шығармаларын көрермен назарына ұсыну.

Маржан Қорғанбаева, облыстық мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы:

– Бұл – халықаралық деңгейге шығуға талпыныс. Соған байланысты Ресейден, Қырғызстаннан және республикамыздың басқа өңірінен де қатысып отырған театрлардың репертуарына мән берілді. Барлығын сараптай келе, іріктеп, осы фестивальға 7 ғана театр жіберіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы