389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар театры Грузияда өтетін комедия фестиваліне қатысады

  • 447
Жастар театры Грузияда өтетін комедия фестиваліне қатысады ticketon.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жастар театры 5-14 маусым аралығында Грузия мемлекетінің Гори қаласында өтетін Халықаралық комедия фестиваліне У.Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымымен қатысады.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Спектакль Грузия мемлекетінің Гори қаласында 2018 жылдың 6 маусымы күні Грузия уақыты бойынша сағат 20.00-де жергілікті халық пен фестиваль қатысушылары назарына ұсынылады.

Айта кетейік, Гори қаласында бесінші рет өткелі тұрған Халықаралық комедиялық театр фестиваліне қазақстандық театр бірінші рет қатысқалы тұр.

Халықаралық, республикалық деңгейдегі фестивальдердің бірнеше мәрте Гран при жүлдегері атанып үлгерген «Асауға тұсау» қойылымы қазақ театр өнерінің көркемдік кеңістігінен алар орны айрықша.

Хабар 24 телеарнасы