371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қаракөз» фильмі отандық кинопрокатқа шықты

  • 270
  • UPD: 23:13, 01.11.2018

«Қаракөз» фильмі Қазақстандық кинопрокатқа шықты. Қорқыныш үрей жанрындағы туындыны тамашалаған кез-келген көрерменнің өткені мен болашағы жайлы ойға шомары сөзсіз.

Жарты жылда түсіріліп, экранға шыққан картина өз көрермендерін табатынына сенім мол.

Отандық кинонарыққа ұсынылып отырған жаңа туынды қазақы аңыз-әңгімелер мен фольклорға негізделіп түсірілген. Алайда, адамға үрей тудыратын қорқынышты көріністері де бар.  

Максим Якобчук, «Қаракөз» фильмнің режиссері:

- Біз алғаш рет киноның сценарийімен танысқанымызда онда қазақ фольклоры туралы мүлде  болған жоқ.  Содан кейін  Қазақстанға келіп, жергілікті аңыз әңгімелер мен фольклорды зерттей бастадық. Қазақстандық ертегілерде кездесетін жалмауыз кемпір  адамның тізесінен қан соратынын оқып білген кезде  осы кейіпкерді міндетті  түрде киноға пайдалану керек  деп шештік.

Ұлттық наным-сенімдер желісінде түсірілген киноға 4 шағын әңгімеде суреттелген оқиғалар түрткі болыпты.

Айдос Рысхан, актер:

- Бір оқиғасында зорлық-зомбылық көрсететін бір адамның ролін ойнадым. Енді  табиғатыма қарама-қайшы деп ойлаймын. 25 жастағы жігіт жалпы былайша айтқанда жұмысы жоқ,  ақшасы жоқ, бірақ астында көлігі бар. Кез келген ойда тұрып, ойын ауыстыра  салады. Ұрлық болсын, зорлық көрсету болсын адамға, болмаса жаман ойға ешбір кідіріссіз  кезегін бере салатын адамның бірі деп білемін. 

Фильм Алматыдағы Алма-Арасан демалыс орнында, Талғар ауданы мен Қапшағай маңында түсірілген. 

Басты рольдерге актриса Бибігүл Ақтан, Әли Оқапов сыңды әншілер де түскен. Бірлескен жобаның авторлары ел аузында жүрген аңыз-әңгімелердің негізінде  түсірілген бұл кинотуындыны  көрермендер жоғары бағалайды деген сенімде.  

Авторлары: Индира Оразалинова, Сержан Жұмабаев

Осы категория бойынша: « «Жамиғ ат-Тауарих» және «Зикзал» кітаптары қазақ тіліне аударылды «NurOtan Talks» алаңында отандық мәдениеттің өрісін кеңейту мәселесі талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы