371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы республикалық өнер байқауы өтті

  • 272
  • UPD: 18:05, 01.12.2018

Алматыда белгілі музыкант Батырхан Шүкенов атындағы республикалық өнер байқауы өтті. Арнайы комиссия мүшелері қатысушыларды онлайн режимде іріктеген.

Музыкалық байқауда 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар мен жас музыканттардан жиналған 43 адам бақ сынады. Үрмелі аспаптарда ойнайтын үздіктерді анықтайтын конкурс 5 аталым бойынша өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты - үрмелі аспапта ойнау өнеріне көпшілік назарын аударту, ұмыт болған дәстүрлі музыканы насихаттау. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сахнасында өнер көрсеткен қатысушыларға дипломдар табыс етіліп, арнайы стипендиялар тағайындалды. 

Хадиша Елібаева, Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті /Астана/:

- Шын мәнінде өте қызықты жарқын байқау. Мен осындай байқауға қатысқанымды мақтан тұтамын. Қатысушылардың барлығы өнерлі, қазылар алқасы өте қатал. Батырхан Шүкенов Қазақстанның керемет музыканты болған.  Шүкенов атындағы қор құрылып оның ісін әрі қарай жалғастырып жатқаны қуанышты. Ортамызда Батырхан ағамыз болмаса да оның атындағы қор отандық музыканың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Осы категория бойынша: « Семейде 180 оқушы қазақтың танымал күйлерін орындады Семейде Тұңғыш Президент күніне арналған көрме өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы