378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Қазақстан раушаны» би фестивалі өтті

  • 376
  • UPD: 15:13, 08.01.2019
Алматыда «Қазақстан раушаны» би фестивалі өтті

Алматыда VIII Халықаралық «Қазақстан раушаны» би фестивалі өтті. Елімізде үшінші рет ұйымдастырылған додаға биыл 4 елден 30 би ұжымы қатысты.

Дәстүрлі шараға бұған дейін Қазақстан, Болгария мен Ресейдің бишілері қатысатын. Биыл фестивальге алғаш рет Өзбекстанның би ұжымы келді. 6 және 25 жас аралығындағы бишілер қатысқан байқауда халықаралық қазылар алқасы төрт номинация бойынша үздіктерді анықтады. Ал, байқаудың ең басты аталымы «Раушан гүлі» хореографиялық композициясында балетмейстер жұмысы бағаланды. Сайыстағы үлкен гран-при сыйлығы  Селезнёв атындағы хореографиялық училищесінің би ұжымы мен Болгария елінен келген бишілерге бұйырды.

Светлана Муранова, «Қазақстан-Ресей-Болгария» халықаралық шығармашылық жобаның жетекшісі:

- Бұл хореографиялық өнердің  мерекесі. «Қазақстан раушаны» жобасы - би арқылы хореографиялық гүл дестесін жасау дегенді білдіреді. Әр ұжым бір күлте. Біріккенде талантты балалардың арасындағы  достықты,  бейбітшілік пен сыйластықты білдіреді.

Кристина Редько, биші (Өзбекстан):

-  Мен ұлттық биді биледім. Хорезм биі деп аталады. Маған фестиваль өте ұнады. Келесі жолы да осы байқауға қатысамын деп ойлаймын. Бұл өмірлік, әрі би өнерінде  үлкен тәжірибе.

Хабар 24 телеарнасы