377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


20 наурызда «Тұмар» бәйгесінің жеңімпаздары анықталады

  • 286
  • UPD: 23:30, 18.03.2019
20 наурызда «Тұмар» бәйгесінің жеңімпаздары анықталады BNews.kz

Бірер күнде «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазір салтанатты рәсім өтетін «Қазмедиа» орталығында соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Екі күннен соң бұл сахнада еліміздің үздік телевизия мамандары марапатталады. Ал қазір мұнда ауқымды медиа-шараға әзірлік жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жылдың ерекшелігі, салтанатты кеште әдеттегідей танымал әншілер емес, негізінен қазақстандық тележобалардың жеңімпаздары мен қатысушылары өнер көрсетеді. Әсіресе басымдық жастарға берілмек.        

Николай Подошва-Захаров, қоюшы-режиссер:

- Біз биыл шеттен жұлдыздарды алдырмауды, яғни қосымша ресурстардың көмегіне жүгінбеуді жөн деп таптық. Шараны қазақстандық өнімдермен алып шығуға тырысамыз. Яғни осында өсіп-өнген жастарға сенім арттық. Біз осы арқылы Қазақстанда жас таланттарға қолдау болуға жарайтын жобалардың бар екенін көрсеткіміз келеді.

Байқау талаптарында да айтарлықтай өзгерістер бар. Мәселен, номинация саны 14-тен 9-ға дейін қысқарған. Сәйкесінше үміткерлерден келіп түскен жұмыстар да азайды. Былтыр 355, ал биыл 302 өтінім қабылданыпты. Үздіктер «Телевизиялық сериал», «Әлеуметтік жоба», «Деректі фильм», «Ақпараттық-сараптамалық бағдарлама», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Ойын-сауық жобасы», «Өңірлік тележоба», «Тележурналист» және «Тележүргізуші» аталымдары бойынша анықталады.

Ләззат Аманбекова, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясының сыртқы байланыстар бойынша менеджері:

- Бүгінгі таңда шорт-лист 36 номинанттан құралатын соңғы үміткерлер тізімі қолда бар. Соңғы шешім 20 наурыз күні күндіз өткізіледі. Әділқазылар алқасы сол күні шешім қабылдайды. 

Ал қазылар алқасының құрамы әзірге жария етілген жоқ. «Бұл – байқаудың әділ өтуі үшін жасалған қадам», – дейді ұйымдастырушылар. 

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы