379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр

  • 168
Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр

Ақтөбеде «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының 4-маусымына іріктеу өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала мен аудандардан 200-ге жуық жеткіншек бағын сынауға келді. Ең үздіктері музыкалық колледжерде кәсіби білім алып жатыр. Ақтөбедегі шығармашылық академиясында өткен іріктеу кезеңіне жасы 12-ден аспаған өнерлі балалар жиналды. Қазылар алқасы оларға әртүрлі бағыттағы әндерді шырқатып, вокалдық қабілеттерін сынап көрді. Топ жарып шыққан үміткер жобаның ақтық сынында өнер көрсетеді. Қатысушылармен кәсіби музыканттар жұмыс істейді. Ал «Бала дауысы-2019» байқауының жеңімпазы жоғарғы оқу орнының гранты мен «Диснейлендке» жолдама алады.

Аружан Сүйінова, іріктеу кезеңіне қатысушы:

– Мен үш ән дайындадым. Бірі қазақша, бірі орысша, бірі ағылшынша. Бұл конкурсқа дайындық өте жақсы өтті. дайындалдым.

Толғанай Хасен, «бала дауысы» байқауы жобасының менеджері:

– Биылғы байқаудың ерекшелігі – балалармен бірге ата-аналар кіре алады. Яғни өздері тыңдай алады. Ақтық финал 25-27 қазанда Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді. Онда бұрын соңды болмаған 17 финалистің және эстрада жұлдыздарының қатысуымен спектакль мюзикл қойылады.

Хабар 24 телеарнасы