379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Fiestalonia Almaty халықаралық байқауы өтті

  • 81
  • UPD: 11:50, 16.04.2019
Алматыда Fiestalonia Almaty халықаралық байқауы өтті

Алматыда күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілердің байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнер сайысына ТМД мен өзге елдерден 200 адам қатысты. Жүлдегерлер Еуропада  болатын бірақатар жарыстарға жолдама алды.

«Fiestalonia Almaty» халықаралық байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Оған өз елінде топ жарған өнерпаздар қатысады. Сайыстың алғашқы күнінде музыкалық аспапта ойнайтындар мен академиялық вокал шеберлері өнер көрсетті. Екінші күні жарыс поп, джаз жанры мен бишілер арасында болды. Қатысушыларды әр елдің өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Елена Кузмина, Қазылар алқасының мүшесі (Мәскеу):

- Маған қатысушылардың құрамы мен ұйымдастыру жағы қатты ұнады. Бұл жарыстың деңгейі жоғары. Мен сіздердің өнерлеріңізді көру үшін келдім. Қазақ музыкасының ұлттық бояуы керемет.

Халықаралық жарыстың ең жас қатысушысы Бекет Сәтбай бар болғаны алты жаста. Бірқатар халықаралық байқаудың жеңімпазы болып үлгерген оның өнеріне  бұл жолы да қазылар алқасы тәнті болды. Фестиваль қорытындысы бойынша Бекет екінші орынды иеленіп, Грузияда өтетін жарысқа жолдаманы жеңіп алды.

Бекет Сәтбай, жүлдегер:

- Менің биім «жас жігіт» деп аталады. Оны  Хаким аға үйретті. Ең бастысы - аяқтың басымен, саусақтың ұшымен тұру керек. Тағы сол сияқты қимылдар көп. Жалпы грузин биі қиын.

Бұл байқауға кез келген өнерпаз қатыса алады. Фестиваль жеңімпаздарына Италия, Франция және Испанияда өтетін жарыстарға тегін жолдама берілді.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы