389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарайшық» музей-қорығынан жаңа жәдігерлер табылды

  • 429
«Сарайшық» музей-қорығынан жаңа жәдігерлер табылды

Тасын түртсе, тарих боп сөйлей жөнелетін қойнауы шежіре мен сырға толы еліміздің батыс өңірінде зерттелмеген қорғандар мен көне қала орындары жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – 13-15 ғасырларда салтанат құрған қазақ хандығының астанасы болған Хан Ордалы Сарайшық қаласы. Биыл осы «Сарайшық» музейіне республикалық мәртебе берілді. Алғашқы қазба жұмыстары кезінде орта ғасырларда пайдаланылған тас диірмен табылды. «Бұл қол диірмен емес, аттың қозғалтуымен су болмаса желдің көмегімен жұмыс істеген», – дейді мамандар. Сонымен қатар өзбек ханның дәуіріндегі металл ақшалар, тұрғындар пайдаланылған қыш ыдыстар да табылып жатыр.

Айбек Тұрарұлы, археолог:

– Диаметрі 94 сантиметр, қалыңдығы 10 сантиметрдей болады. Ұн илеуіне қарағанда, орта ғасырларға тән болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы