384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ЮНЕСКО-ның ұйытқы болуымен форум өтті

  • 493
  • UPD: 09:02, 23.05.2019
Алматыда ЮНЕСКО-ның ұйытқы болуымен форум өтті

Қазақстан білім көкжиегін кеңейтуді мақсат етеді. Осы орайда Алматыда «Ұлтаралық білім беру бастамалары» атты халықаралық семинар өтті.

ЮНЕСКО ұйымының ұйытқы болуымен өткен тәжірибе алмасу форумына Азия-тынық Мұхит аймақтық бюросына мүше елдерден 50 делагат қатысты. Қазақстан өзінің Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында елдегі шетелдік студенттердің санын арттыруды көздейді. Соңғы 8 жылда академиялық білім беру халықаралық бағдарламасына сәйкес еліміздің Жоғарғы оқу орындарында 20 мыңға жуық шетелдік студент білім алды. Олар негізінен гумантирлық білім беру, кәсіби-техникалық мамандықтар мен медицина саласын таңдайды. Биыл Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шетелдік студенттер үшін және жүздеген мемлекеттік білім гранты бөлінеді.

Алмагүл Құлтуманова, Болониялық процесс және академиялық жинақылық орталығының директоры:

- Тұңғыш біз жаңа степендиалдық жаңа бағдарлама асырайын деп жатырмыз. 160 грант берілді шетелдік азаматтарға біздің жоғарғы оқу орындарында оқуға.

Хабар 24 телеарнасы