384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Омбыда киіз басатын жалғыз қазақ қолөнершісі тұрады

  • 144
  • UPD: 09:09, 16.06.2019

Ресейдің Омбы қаласында қолөнер шебері тұрады. Дина Смағұлова қазақтың ұлттық киімдері мен төсек жабдықтарын тігумен айналысады.

Бүгінгі таңда оның қолынан шыққан қайталанбас бұйымдар халық арасында үлкен сұранысқа ие. 

- Мен қазір қамзол тігіп жатырмын. Қамзол қазақтың обыменен...

Дина Смағұлова Ресейде қазақтың ұлттық қолөнерін дамытып жүрген жандардың  бірі. Ісмер әйел шапан, қамзол, құрақ көрпе, жастық тігеді. Ол Омбыдағы киіз басатын жалғыз шебер.

Дина Смағұлова, қолөнер шебері:

- Жүнді жуу керек, түту керек. Бірнеше рет оны жуу керек. Басу керек. Басқанда көп күш кетеді, көп уақыт кетеді. Оны бәрін басуға ыңғай керек. Қолдың ыңғайы, солай ғой. Білу керек.

Ал бұл «Ажар» би тобы. Әйгерім Ауғанова Омбыдағы мәдениет үйінде үйірме ашып, қазақ балаларын мың бұралуға баулып жүр. Олар осында ғана емес, Қазақстанда да өнер көрсетеді.

Әйгерім Ауғанова, «Ажар» би тобының жетекшісі:

- Омбы үлкен қала. Соңғы жылдары мұнда қазақ мәдениеті қанатын кеңге жайып келеді. Мысалы, біздің топқа 100 шақты бала қатысады. Яғни ата-аналар олардың қазақша билегенін қалайды.

Омбы облысында 100 мыңдай қазақ тұрады. Қандастарымыз ұлттық құндылықтарын ұмытпай, көздің қарашығындай сақтап отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы