384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда түркітілдес халықтардың мәдени байланысына арналған конференция өтті

  • 140
  • UPD: 10:21, 16.06.2019
Талдықорғанда түркітілдес халықтардың мәдени байланысына арналған конференция өтті

Жаһандану заманында жұтылып кетпес үшін түбі бір түркі тілдес халықтардың бірлігі бекем болу керек.

Тамырлас ұлттардың тарихи-мәдени байланысын нығайту мақсатында Талдықорғанда  ғылыми конференция өтті. Басқосуға мәдениеттанушылар мен тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Ғалымдар татарлардың Алматы облысына қоныстану тарихына тоқталды. Қос ұлт арасындағы ынтымақтастықты сөз етті. Ежелден қалыптасқан сауда-саттық, алыс-берістен бөлек, мәдени қарым-қатынастың жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Оның айқын дәлелі ретінде Қазан қаласында қазақтың жыр дастандары кітап болып басылғанын мысалға келтірді. Өзара бауырластық туралы пайымды пікірлерін де ортаға салды.

Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы:

- Кезінде Б.Сүлеев, І.Жансүгіров, М.Тынышбаев осындай ортақ әлем болған. Түркітілдес халықтар, рухтас, діндес деген. Сондай біз осы дәстүрді жаңғыртып, сол бабабарымыздай бір-бірімізге сүйеу болуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы