383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы кітапханасы мен Г.Алиев қоры ынтымақтастық меморандумына қол қойды

  • 142
  • UPD: 18:23, 28.06.2019

Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Гейдар Алиев қоры өзара ынтымақтасу меморандумына қол қойды.

Бұл құжаттың мақсаты – Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Әзербайжанның белгілі мемлекеттік қайраткері Гейдар Алиевтің идеялары мен бастамаларын кеңінен таныту, сондай-ақ жастар саясаты саласында және бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастық орнату болып отыр. Қос тарап екі елдің мәдениет мен ұлттық мұраларын паш ететін конференция, көрмелер мен кездесулер өткізуді жоспарлаған.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директоры:

– Конференция, кездесулер Қазақстан Тұңғыш Президентінің идеялары мен бастамаларын халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Болашақта да тәжірибе алмасып тұрамыз. Бұл жұмысымызды дамытуға көмектеседі.

Солтан Мамедов, Гейдар Алиев қоры халықаралық байланыстар департаментінің бастығы:

– Осы жылдан бастап Қазақстан Тұңғыш Президенті қоры және кітапханасымен бірлесіп Әзербайжанда, Қазақстанда, сондай-ақ шетелде екі басшының мұрасын кеңінен танытуға бағытталған шаралар өткізуді көздеп отырмыз. Қол қойылған құжат бірлескен мәдени, әлеуметтік, ағарту жобаларын жүзеге асыруға жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы