384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Central Asia’s Got Talent-тің төрешілері мен жүргізушілерінің аты-жөндері белгілі болды

  • 94
  • UPD: 15:27, 01.07.2019
Central Asia’s Got Talent-тің төрешілері мен жүргізушілерінің аты-жөндері белгілі болды

Central Asia’s Got Talent («Орта Азия таланттарды іздейді») халықаралық жаңа телевизиялық байқауының төрешілері мен жүргізушілерінің аты-жөндері белгілі болды.

Бұл – Орта Азиядан шыққан (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) қарапайым адамдарға жасы мен тегіне қарамастан өзінің ерекше қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін таланттар шоуы. Шоу жеңімпазы қомақты ақшалай сыйлыққа ие болып, миллиондаған көрерменмен мойындалады.

Конкурс төрешілері қатысушы елдердің атақты тұлғалары қатарынан бекітілді.

Нұрлан Абдуллин (Қазақстан) - танымал эстрада әншісі, тележүргізуші және кәсіпкер. Ол 2007 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иемденді. Көптеген хит әннің авторы, сонымен ьірге Асылбек Еңсепов, Ренат Гайсин, JCS тобы сынды т.б. орындаушылардың тәлімгері саналады.

Гульнур Сатылганова (Қырғызстан) – танымал әнші, Қырғыз Республикасының халық әртісі. Оны «қырғыз эстрадасының Примадоннасы» немесе «қырғыз эстрадасының ханшайымы» деп жиі атайды. Ол – көптеген ұлттық және халықаралық конкурстың, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.

Ситора Фармонова (Өзбекстан) - кино әртісі, әнші. Өзінің комедиялық фильмдердегі рөлдерінің арқасында танымалдылыққа ие болды. Еуропа режиссерлерінің фильміне түскен алғашқы өзбек әртісі. Сондай-ақ ол – 2016 жылғы Жоғарғы лигада жеңімпаз болған «Азия Микс» КТК командасының қатысушысы.

Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан) – танымал театр және кино әртісі, Тәжікстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Сонымен қатар деректі фильмдердің режиссері ретінде де белгілі, алайда оның танымал болуына сатиралары көп мүмкіндік берді. «Аловуддиннің әзілдерін» бүкіл Тәжікстанға біледі.

Central Asia’s Got Talent шоуының жүргізушілері:

Кумар Лукманов – «Қазақтар» КТК командасының танымал қатысушыларының бірі, әртіс, жүргізуші. Шоумен «Қызықстан», «Саған сенемін – Менің үздігім» сынды түрлі телевизиялық жобада жұмыс жасаған.

Еркебұлан Мырзабек - «Спарта» КТК командасының ойыншысы, Қазақстанның барлық лигасының әртүрлі команда құрамындағы абсолютті жеңімпазы. «ВУЗеры» сериалына түскен.

Эркин Рыскулбеков – қырғыздың кәсіби жүргізушісі және іс-шаралардың ұйымдастырушысы. Өз ойын орыс, қырғыз, түрік және ағылшын тілдерінде еркін жеткізе алады. Мемлекеттік және халықаралық дәрежелердегі іс-шараларды жиі өткізеді.

Бехруз Насриддинов – тәжіктің танымал шоумені, жүргізуші, продюсер. ТВ-продакшн «Азия-Плюс»-тің басшысы. 

Тимур Алиев – «ZO’R TV» өзбек телеарнасының продюсері, бұдан бұрын заңгер қызметін атқарған. «Супер люди» және Өзбекстандағы алғашқы классикалық стэндап форматындағы «Stand Up Show» жобаларының жетекшісі.

Got Talent – Fremantle британ компаниясының продюсер Саймон Коуэлл жасаған форматы. Бұл тележоба алғаш рет Америкада «America’s Got Talent» атауымен 2006 жылдың маусым айында ұйымдастырылған болатын. Мұндай форматтағы бағдарламалар осы уақытқа дейін әлемнің 70-тен астам елінде лицензия арқылы шығарылды. 2014 жылдың сәуірінде Got Talent форматы әлемдегі ең табысты телевизиялық формат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оған дейін телебайқаулар франшиза арқылы 58 елде өткізілген болатын.

Central Asia’s Got Talent – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне арнайы шығарылған таланттар шоуы. Жоба 5 кезеңннен тұрады: кастинг, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және Гранд финал. Алғашқы кезеңде шоудың потенциалды қатысушыларынан келіп түскен өтінімдер қаралады. Одан кейін барлық 4 елде жоба қатысушыларының іріктеуі өтеді. Шоудың басты жеңімпазынан бөлек 4 елдің әрқайсысынан ақшалай сыйлықпен марапатталатын жеңімпаздар таңдалып алынады.

Central Asia’s Got Talent қатысушы 4 елдің «Хабар», «Zoʻr TV», «КТРК» и «ТВ Сафина» сынды телеарналарының көрсетілетін болады. Ауқымы кең жоба сәуір айында өз жұмысын бастады. Кастинг әлі жалғасуда.

Шоу ұйымдастырушылары өтінім беру процесін барынша қарапайым етуге тырысқан. Орта Азия тұрғындары барлығына ортақ +7 700 600 24 24 нөміріне белгілі мессенджерлер арқылы немесе әлеуметтік желілердегі шоудың ресми аккаунттары арқылы тележобаны ұйымдастырушы топпен тікелей байланысқа шыға алады (@centralasiagottalent). Сондай-ақ барлық ел бойынша офф-лайн режимдегі кастинг жалғасуда.

Central Asia’s Got Talent шоуының премьерасы 2019 жылдың қыркүйегінде барлық 4 елде бір уақытта басталады. Шоудың Гранд финалы 2019 жылдың желтоқсан айында өтетін болады.

 

Хабар 24 телеарнасы