388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асхат Аймағамбетов Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

  • 1103
  • UPD: 15:45, 10.07.2019
Асхат Аймағамбетов Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды Total.kz

Мемлекет басшысының Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жалғастырып, ақынның «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін оқыды.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын», – деді ҚР БҒМ өзінің facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Мемлекет басшысы кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Хабар 24 телеарнасы