Бұл туралы белгілі әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Қазанда 45-ші WorldSkills байқауының жабылу салтанатынан соң ел президенті Рустам Миннихановпен кездестік. Татарстан халқына қонақжайлылығы мен айрықша ілтипаты үшін алғыс білдіремін!» – делінген жазбада.
Еске сала кетейік, Димаш осы қалаға сапары кезінде балалар хосписінде де болып, ауыр дертке шалдыққан жанкүйерімен жүздескен болатын.