389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Томирис» фильмі 27 қыркүйек күні көрерменге жол тартады

  • 232
  • UPD: 22:47, 25.09.2019
«Томирис» фильмі 27 қыркүйек күні көрерменге жол тартады

«Томирис» тарихи фильмі 27 қыркүйек күні үлкен экранда көрерменге жол тартады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында кинокартинаның режиссері Ақан Сатаев хабарлады. Туындыда біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар суреттеліп, аты аңызға айналған Тұмар ханымның тағдыры баяндалады. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «Сатайфильм» компаниясы бірлесіп түсірген.

Бас продюсері әрі идея авторы – Әлия Назарбаева. Ал, басты рөлді Альмира Тұрсын сомдаған.

Айта кетерлігі, киноны түсіруге шетелдік мамандар мен актерлер тартылған жоқ.

Ақан Сатаев, «Томирис» фильмінің режиссері:

Жалпы жобаны шығару кезеңі екі жарым жылға созылды. Кей күндері түсірілім алаңында бір уақытта 800 адамға жуық кісі болды. Төрт үлкен локациямыз - Шонжы, Қапшағай және Алматы, Көкшетау.

Хабар 24 телеарнасы